• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда тұрғындары мен қонақтары «Magic Astana» фестивалін тамашалады (ФОТО) 05.07.2014

Бұл фестиваль Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға ағайынды Сафроновтар қатысуда. Сонымен қатар «Мені таңдандыр» («Удиви меня») шоуының қатысушылары мен Александра Скачкова, Антон Абрашеков, Александр Муратаев және қазақстандық сиқыршы Павел Карахтанов бар.

«Бұл ерекше шара, онда танымал әрі дарынды сиқыршылар бас қосады. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасын тапса екен деймін. Өйткені дүние жүзінде осы сияқты шара жоқ. Қазақстанда Астанада аталмыш жобаның игі дәстүрге айналуына тілектеспін, оның үстіне, шараны халықаралық деңгейге көтеру бойынша идеяларымыз да бар», - деді «Magic Astana» фестиваліне қатысушылардың бірі, сиқыршы Сергей Сафронов.

«Бүгін барша әлемге дүние жүзін таң қалдыратын сиқыршылардың біздің мемлекеттерде де бар екенін дәлелдемекпіз», - дед ол.

Сергей Сафроновтың айтуынша, көрермендер назарына ерекше думан ұсынылмақ. Номерлердің бәрі микро сиқырлықтан макро сиқырлыққа дейін бірнеше бағытта дайындалды.

Еске салайық, «Magic Astana» думаны Қазақстанда тұңғыш рет өткізіледі. Фестиваль қонақтары ағайынды Сафроновтар, «Удиви меня» шоуына қатысушылар, дарынды сиқыршылар Александра Скачкова, Антон Абрашеков, Александр Муратаев пен Павел Карахтанов. Сондай-ақ, «Украинаның бірінші феномені» атанған Артем Тихевич, жоғары санаттағы қырғыз иллюзионисті Ильдар Ягофаров көрермендерді өздерінің өнерлерімен тәнті етпек. Ал, голландиялық иллюзионистер «MagicUnlimited» бағдарламасын ұсынады.  

Индира Қауметова

Фото Азамат Алиевтікі


Back to the list