05.07.2014
Бүгін таңертеңнен бастап қалалық саябақтарда мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Табиғат аясында демалу үшін ауа райы да лайықты. Саябақтарда адамдардың демалысына қолайлы жағдайлар жасалған: қоғамдық тамақтану орындары ашылып, «Ауызашар» өткізуге де мүмкіндік бар. Сондай-ақ, спорттық жабдықтар мен балаларға арналған көліктерді, велосипедтерді жалға алуға болады.
5-7 шілдеде қалалық саябақтар фестивалі өтеді. Оған елорданың ірі төрт паркі қатысады. Ұйымдастырушылардың мақсаты саябақта демалушылардың көңілін көтеріп, оларды қызықты интерактивті жаттығулар мен ойын-сауықтарға тарту болып табылады. Әр саябақта жеке бағдарлама ұсынылады:
«Студенттік» саябағы «Жадымның бұлттары» ретро бағдарламасы.
«Жерұйық» саябағы - «Әлем жұлдыздары» этно бағдарламасы.
Ғашықтар саябағы «Махаббаттың күні» бағдарламасы.
Орталық мәдениет және демалыс саябағы «Жаңа көкжиектер» арт-бағдарламасы.
Таңертеңнен кешкі 23:00 парктерде әр алуан ойын-сауық бағдарламасы өткізіледі: байқаулар, отбасылық спорттық жарыстар, флешмобтар, шығармашылық шеберлік сыныптары, суретшілер көрмелері, көше театрларының қойылымдары, кинотеатрлардың ашылуы, шағын шөпте демалыс аймақтары, кешкі би кештері, кинофильмдер көрсетілімі, театрландырылған перфоманстар, ролик тебу және т.б.