• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада Астана күніне орай 232 пәтер пайдалануға берілді 05.07.2014

Барлығы 8 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Оның 6-уы (132 пәтер) тұрғын үй қорына кезекте тұрған отбасыларына (Ұлы Отан соғысы ардагерлері, көпбалалы отбасылар, жетім балалар т.б.), 2-еуі (100 пәтер) жас отбасыларға берілді. Аймақ басшысы Астананың 16 жылдығына орай 16 үйдің кілтін өз қолымен салтанатты түрде табыстады.
Жаңа қоныс иелерінің қуанышында шек жоқ. «Елорда өсіп-өркендеп, қала ажарлана түссін» деп жылы лебіздерін білдірді.
Өңір басшысы барша тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, ай мақты дамытуда үлкен жобалар жүзеге асатынын жеткізді.
Жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 257 млн. теңгеге 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 22-сі пайдаланылуға беріледі. Жалпы биыл 750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.



Back to the list