05.07.2014
Шара шеңберінде «Асқақтай бер, Астана!» деген атаумен қітаптар көрмесі өтті, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Айта кетерлік жайт, ұйымдастырушылар акцция барысында «Ізгі тілек» тақтасын орнатты. Онда шараға келген кез-келген қатысушы өзінің Астанаға арнаған ізгі тілегін қалдыра алды.
Бұдан басқа, әр оқырманға өзі ұнатқан кітабын алуы үшін кітаптар айналымы ұйымдастырылды. Ол үшін оқырман өзі ұнатқан кітаптын орнына келесі бір оқырманға арнап басқа кітап тастап кетуі керек болды.
Сондай-ақ, кітапхананың бүлдіршін оқырмандарына да ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін арнайы «Астана, саған арнаймын!» сурет байқауы өтті. Ал, тарихтан білімі терең қатысушылар үшін «Менің елім Қазақстан» викториналық сұрақ жауап өткізілді.