05.07.2014
Мысалы, Қазақ хандығынының негізін қалаған ұлы тұлғалардың құрметіне «Керей мен Жәнібек» ескерткіші қойылды. Жалпы, оның ұзындығы 12 м, ал, хан Жәнібектің мүсінінің ұзандығы - 5,25 м. Керей ханның мүсінінің ұзындығы - 4 м. Алпауыт композицияның салмағы - 16,2 тонна және ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы алдында орналасқан.
Сонымен қатар, «Думан» қонақ үй кешенінің алдында халық компазиторы, домбырашы және күйші Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне ескерткіш қойылған. Алып монументтің жалпы ұзындығы 10 метр және ол қоладан құйылыпты.
Шаһардың көрнекті жерлерінің бірі - «Қазақ Елі» монументі. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын “күзетіп” тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.
«Мүсіндерді даярлауға 2 айдай уақыт кетеді. Ал, ескерткіштер 3-4 айда жасалса, ірі ескерткіштер 7 айда дайын болады. Айта кетерлік жайт, осы уақытта цех тәулігіне 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, монументалды нысандардың құрылысына жылдар кетеді», - деп мүсінші Мұрат Мансұров берген сұхбаттарынның бірінде атап өтті.
Камила Амирова