04.07.2014
Астана қаласы ТЖД-нің мемелекеттік өрт сөндірушілер және құтқарушылар мұражайы өз есігін қайта жаңартылып ашып отыр. Мұражай өзінің бұрынғы орынына №2 Мамандандырылғын өрт сөндіру бөліміне қайта оралды. Жаңа орынжай бұрынғыдан кең, мұнда 3 негізгі бөлім бар, деп ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Көрме залында астананың өртке қарсы қызметінің құрылу тарихын білуге болады. Бұнда Департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшылардың өмірбаяны жазылған стенд бар. Бұдан бөлек, ҰОС және ТЖ ардагерлерінің өмірбаяндары бар стенд бар.
МАЗ-205-тің бірегей және маңыздылығы, ол 1964 жылдан бастап 2005 жылға дейін Семей қаласында өрт постында жауынгерлік вахтада өз қызметін атқарған. 40 жылдан астам қызметтен соң 2005 жылы бұл автокөлік Астана қаласы өртке қарсы қызмет мұражайына берілген болатын. Астанаға МАЗ-205 өз күшімен келді. Бұл автокөлік 2012 жылдың қазан айында Қазақастан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы «Елбасы жолы» фильімінің түсіріліміне қатысқан.
Бұдан бөлек, іс-шара барасында ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы органына жаңадан қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдауы өтті.