03.07.2014
Қазір мекеме ғимаратында төрт бірдей көрме өтіп жатыр. Оның бірегейі қазақ өнер майтанлмандарының қолөнер бұйымдары. Экспонаттар Сержан Баширов, Асылмардан Кадырбаев сынды әйгілі суретші зергерлердің авторлық туындылары.
Сондай-ақ, Берік Әлібайдың жеке жинаған 1000 жуық сәндік қолданбалы бұйымдар топтамасы, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
«Қала күніне орай біз осындай көрмені ашып отырмыз. Көрмені «Атадан мұра» деп атадық. Көрмені көрген шетел мамандары, шетел қонақтары Астананың қонақтары мен басқа да келген көрермендеріміз сондай таң-тамаш болып кетіп жатыр», - деді Астана қаласы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК галереясының жетекшісі Тілеукеш Жаубасова.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік сарайының галерея залында Орта Азия және Оңтүстік Корея шеберлерінің 50 астам жұмысы қойылған. «Адамдар» деп аталатын көрмеден кәріс халқының бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдері бейнеленген. Көрме үш бөлімнен тұрады. Келем деушілерге есік ашық.