03.07.2014
«Жыл санап, ай санап Астана даму үстінде. Барлық әлем үшін Астана - интеграция идеясын дамыту, Шығыс пен Батысты жақындату көпірі болып есептеледі. Бүгінде Астана – еуразиялық кеңістіктің орталығы,онда экономикалық, әлеуметтік-мәдени, саяси шаралар өтеді», - деді елші.
З. Гашимов әзербайжандықтар елорданың дамуына зор үлес қосқанына риза екендігін атап өтті.
«Құрметті, қазақстандықтар! Қазақстан Республикасының мерейлі мемлекеттік мерекесі елорда күнімен құттықтаймын. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні құтты болсын. Мен Астана «ЭКСПО-2017» қарсы одан әрі әрлене түсетіндігіне сенімдімін. Сіздерге шын жүректен бейбітшілік, бақыт, байлық тыныштық тілеймін», - деді ол.
Индира Кауметова