• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Ел болашағының бесігі» көрмесі 2 тамызға дейін жалғасады 03.07.2014

«Бұл көрме 2  тамызға дейін жалғасады,Астананы дәл сол кезде қонақтар, шетелдіктер,отандастар тамашалауға келеді. Біз көрме көптеген адамның қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз. Материал өте маңызды, ойы терең, бір жарым сағат бойы  тарихымыздың терең қойнауына сүңгуге болады», - деді К. Ақтаева.

Көрмеге келушілер алғаш рет үлкен көлемде ұсынылып отырған, жиырма жыл ішіндегі баяндалған ұзақ жолдар туралы, мұрағаттық материалдар топтамасынан көре алады. ҚР Ұлттық мұрағатының бірегей құжаттық жинағы мен ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағаттық жинағынан ұсынылған материалдар Астана тарихын баяндайтын жағымды өзгерістер кезеңін толықтай түсінуге мүмкіндік береді.

Көрменің маңызды ерекшелігі, оның экспозициясы орналасқан ғимарат тәуелсіз Қазақстан астанасының тарихымен тікелей байланысты. 

Нақ осы ҚР Тұңғыш Президенті музейінің ғимаратында, Астанадағы Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясында 1997 жылдың 10 желтоқсанында, ҚР Үкіметі  мен Парламент палатасының бірлескен салтанатты мәжілісінде Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып арнайы жарияланды.

«Бұл елдің орталығында халық тағдырына маңызды шешімдер қабылданады. Бұл жерде біздің еліміздің жүрегі мәңгі соқпақ», - деп Президент резиденция залының ашылуында  айтқан болатын. 

Индира Кауметова 


Back to the list