02.07.2014
«Біз Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына концертімізді ұсынамыз. Оңтүстік Қазақстан облысының 200 жуық шығармашылық ұжымы өз өнерлерін ортаға салады», - деді ОҚО әкімдігінің «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы» МҚКК директоры Нұрлан Әділханов.
Концерттік бағдарлама бірнеше кезеңге бөлінген. Әр кезеңге әншілер, «Сүгір» ұлттық музыка аспаптары оркестрінің музыканттары, «Тұмар» фольклорлық ансамблі және облыстық опера және балет театрының «Қазына» би ансамблінің әртістері қатысады, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.