02.07.2014
Жыл сайын «Астана-Зеленстрой» АҚ қызметкерлері елорда күніне тыңғылықты дайындалады. Ұйымның ғылым жөніндегі басқарма төрағасы Ерік Тоқмырзаевтың айтуынша, ұжым қаланы гүлмен безендіре отырып қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауға дайындалуда, деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа орталығы.
Ағымдағы жылы «Астана-Зеленстрой» көшелерге, парктер мен саяжайларға бас-аяғы 32 167 түп ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 5 642 метрлік қоршау жасамақ. Және де 167,6 мың шаршы метр жерге 7,9 млн түп гүл отырғызылмақшы.
Сондай-ақ, бірнеше өсімдік түрлерімен қаланың көркіне көрік қосу жоспарланған. 21 сәндік фигару мерекенің келбетін аша түспек. Бұдан бөлек 3 альпі тауын салу мен оган көлденең 750 сәндік бұйымдар қою жоспарда бар.