02.07.2014
«Мен барша қазақстандықтарды, астаналықтарды құттықтаймын. Еліміздің Президенті, ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың арқасында біз қазіргі жағдайға жетіп отырмыз. Астанамызды мақтан тұта отырып біз алдағы уақытта оның дамуына мол үлес қосуымыз керек», - дейді М.Ысқақов.
Сонымен қатар, генерал-майордың айтуынша, 16 жыл ішінде біздің елордамыз көптеген жетістіктерге жетті. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау керектігін айтады.
«Менің пікірімше, алдағы уақытта елорданы қайта құру шаралары өтпек. Кейінгі ұрпақ өзінің жаңалығын әкеліп, елорданы жаңаша түрде дамуына жол ашпақ. Сол себепті 16 жылдық тарихымызды шығаруымыз керек», - дейді.
М.Ысқақовтың айтуынша, елорданың мерекесі қарсаңында шетелден көптеген қонақтар келеді.
«Елорда күні уақытында біз көптеген шетелдік меймандарды күтіп аламыз. Тек мерекеде ғана емес, өзге де уақыттарда енді Астанамызға шет елдік туристер ағылып келе бастайды», - дейді генерал-майор.
Индира Кауметова