02.07.2014
Республикалық «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» байқауының қорытындысы шығарылып, байқау меңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Айта кету керек, байқауға Семей, Атырау, Қарағанды, Алматы, Жезқазған, Астана, Ақтөбе мен өзге де қалалардың ақындары қатысты.
«Биыл осынау шара төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұрындары шараның тақырыбы Тәуелсіздік пен Астана күніне арналған еді. Ал биылғы байқау «Мәңгілік ел» тақырыбына арналып отыр. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткер өтініш білдірді. Соның ішінен іріктеліп шыққандарды өздеріңіз көріп отырсыздар», - дейді Мемлекетік сыйлықтың иегері, ақын, шараны ұйымдастырушы Несіпбек Айт.
Шара қонақтары ақындардың жаңа шығармаларымен танысып, ел мен жерге арналған шығармаларын оқуға мүмкіндік алды.
Байқаудың басты мақсаты – келешек ұрпаққа қазақстандық мемлекеттілік, құнды тәуелсіздік пен сәулетті Астана туралы мазмұнды шығармаларды қалдыру болып табылады. Байқауға әкелінген жыр жолдары өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелейтіні анық.
Шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздарға бағаы сыйлықтар таратты. Бас жүлде иегері автокөлікке ие болса, алғашқы үш орын иелері қомақты қаржылай сыйлық алды.
Индира Кауметова
Фото-Азамат Алиев