02.07.2014
Алты күндік веложарысқа 30 өз ісінің шебері мен қызығушылық танытушылар қатысады, оның мәресі Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылында басталып, Талғар-Шелек – Чунджа-Жаркент – Қоңырөлең-Қоғалы-Рудничный-Текелі-Талдықорған аймағын айналады. Веложарыс 6 шілде күні Талдықорғанда аяқталады.
Веложарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, облыс тұрғындарын спортпен айналысуға шақыру, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.