• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада барлық заманауи технологиялар қолданылуда  – Т.Беспаев (ВИДЕО) 01.07.2014

«Астана барлық қазақстандықтардың символына айналды, қаламыз гүлдену мен дамудың белгісі іспетті. Әлемде пайда болып жаьқан барлық заманауи технологиялар Астанада жүзеге асырылуда. Бұған дәлел ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілетіні», - дейді Талғат Беспаев.

Сонымен қатар, ол елордадағы көлік инфрақұрылымы саласындағы дамуды ерекше атап өтті.

«Біздің еңбек қызметімізге келер болсақ, Астана бойынша жолаушы тасымалының қоғамдық көлік мәселелерімен айналысатын ұйым ретінде алдағы уақытта жаңа автобустардың пайдалануға берілетінін айта аламыз. Сонымен қатар қала халқының көбюіне байланысты жаңа бағыттар да ашылмақ», - дейді.  

Мереке қарсаңына елордалық ұстаз барлық қала тұрғындарын Астана күнімен құттықтады.

«Барлық қала халқын елорда күнімен құттықтай отырып баршаңызға еңбектеріңізде жеміс, Астананың бұдан ары дами беруін тілеймін», - дейді Т.Беспаев.

Индира Қауметова 


Back to the list