• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың үздік ауданы, аймақтық органы, мемлекеттік органдары мен қалалық кәсіпорындары  анықталды 30.06.2014

Жыл сайынғы байқау Астана қаласындағы мемлекеттік және аймақтық органдардың жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыратын бірден бір ынталандыру шарасы болып табылады.

«Елорда мерекесін тойлау қарсаңында сіз бен біздің жұмысымызға осылайша қорытынды шығару дәстүрлі түрде өткізілетін игі шараға айналып отыр. Жұмыс қорытындысы бойынша үздік ұжымдар мен мемлекеттік органдарды марапаттағалы отырмыз. Бұл біздің жетістіктерімізді бағалаудың таптырмас мүмкіндігі. Қазіргі таңда біз өзін өзі қамтамасыз ете алатын, жаңа өмір сүру деңгейіне жетіп отырмыз. Бұл атқарылған жұмыстардың жоғары сапасынан хабар береді», - дейді әкім.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл «Үздік аудан» жеңімпазы – Есіл ауданы, «Үздік аймақтық орган» жеңімпазы – Салық департаменті, «Үздік мемлекеттік орган» жеңімпазы – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ал «Ұздік кәсіпкерлік» ретінде «Астанаэнергосервис» АҚ марапатталды. 


Back to the list