• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанадағы  велошеруге Олимпиада чемпиондары қатысты 30.06.2014

Веложарыс ұзақтығы 4600 м созылды. Қатысушылар бұл қашықтықты 30 минутта-ақ еңсерді. «Салтанат сарайынан» басталған жарыс «Астана Арена» стадионының жанында мәресіне жетті. Шараға 1500 астам адам қатысты. Одан түскен барлық қарды мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға жұмсалады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

«Қайсар керуен» деп айдар таққан бұл веложарыс қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Велошеру көшін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастады.

 «Сүйікті қаламызға көңіліміздегі махаббаты қалай көрсете аламыз?! Оның жолы көп. Бір жолы, міне, бүгін сіздер демалысқа қарамастан таңмен шығып, спорт шеруіне қатыстыңыздар. Осылайша Астанаға деген сүйіспеншіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Ол үшін өз атымнан, Астана жұртшылығының атынан мың да бір рахметімді айтамын», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Велошеруге Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бахтияр Артаев, Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, эстрада жұлдыздар, қала тұрғындары мен қонақтары  қатысты. 


Back to the list