28.06.2014
Премьера Астана күнін мерекелеуге арналған шаралар аясында өтті. Бір актілі «Әлем» балеті «Astana Ballet» ұжымы репертуарындағы заманауи хореография стилінде қойылған алғашқы ірі қойылым.
Оның қоюшы-хореографы ресейлік әйгілі балетмейстер – Никита Дмитриевский.