27.06.2014
Сонымен, Пирамидада бес лифт бар. Соның бірі президенттік лифт. Оның барлығы тігінен жоғары көтерілмейді, 60 градус бұрышпен көлденең бағытта қозғалады. Бұндай лифттер бұдан бөлек тек Эйфель мұнарасы мен Лас-Вегастағы «Люксор» қонақ үйінде ғана бар. Тек президенттік лифт қана ғимараттың ең үстіне шығады. Қалғандары «Жұмақ жолы» атты жолмен қысқы бақ арқылы өтеді.
Жоғары көтерілу кезінде ғимараттың теңдессіз құрылғысы ашылады. Ол ежелгі мысыр стандарттары бойынша айна-қатесіз метал мен әйнектен салынған.
Пирамиданы салушы британдық архитектор Норман Фостер. Қаланың күрт континентальді климатын ескере отырып салынған ғимараттың сыртқы қабаты қысқы суық пен жазғы аптапқа бірдей төтеп беруге қабілетті.
Айта кетерлігі, пирамиданың негізі 62х62 метр, биіктігі де 62 метр. Ғимарттың ұшар басында суретші Брайан Кларктың өнер туындысы салынған. Бұл 130 көгершіннен тұратын Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің бірлігін танытатын шығарма.
Сонымен қатар, пирамидада жер асты опера залы бар. Сонымен қатар, сахна мен 1500 орындық зал салынған. Мұнда әлемдік деңгейдегі өнерпаздар өз өнерлерін паш еткен.
Индира Кауметова
Фото-Азамат Алиев