23.06.2014
Астана күніне орай 57 аула абаттандырылады. Аулаларға асфальт жол төселіп, жаңа газондар мен кедергілер орнатылады, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Сондай-ақ, аулаларда жаңа спорттық және балаларға арналған алаңдар ашылады,гимнастикалық және жаттығу алаңдары салынбақ.
Сонымен қатар, 5 лифт ауыстырылып, 28 үйдің алды жаңартылды.