22.06.2014
Тіркелу кезінде әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ретінде ұтысқа қатысатын тіркелу нөмірі беріледі. Сәтті нөмір сәйкес келген велошабандоздарға 20 жаңа велосипед тарту етілмек. Аукцион мен веложарыстан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында «Қайсар» астаналық спорт клубының тәлімгерлеріне беріледі, деп Ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.
Веложарыс барысындағы қайырымдылық шарасына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бақтияр Артаев, Ермахан Ибрайымов, Юрий Мельниченко сынды Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен меценаттар, отандық эстрада жұлдыздары келеді. Сонымен бірге «Астана» велокомандасының атынан бағалы лотты аукцион ұйымдастырылады.
Веложарыстың барлық бағдарында алғашқы медициналық көмек көрсету және қан қысымын өлшеуге арналған нүктелер қарастырылады. «Салтанат сарайы» алдындағы алаңда минералды су беру нүктесі орналасады.
Веложарыс бұл спорттық дода емес, шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды белсенді дене шынықтыру мәдениетіне, әсіресе велосипед спортына тарту.
Әр астаналық тіркелу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.