20.06.2014
Мектептер қаланың оң және сол жағалауларында ашылады. Олардың бірі Түркістан, Керей және Жәнібек, Орынбор ауданында ашылады. Орда 1200 балаға шақталған. Екінші мектеп Ш. Қалдаяқов көшесінде ашылады.
Астана халқы жыл сайын өсуде. Сондықтан да кезекті жою мақсатында елордада жыл сайын балабақшалар ашылуда.
Астана қаласының күніне орай 240 орындық балабақша Нәжімиденов көшесінде ашылады.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Астананың жалпы білім беру жүйесі 83 мектептен тұрады, онда 94 712 оқушы мен 6 038 ұстаз бар.
Сонымен қатар, Елорда күніне орай Г.Панфилов және С.Торайғыров көшелерінің қиылысында 140 орынға, Е 233, Е 234, Е 237 көшелерінің қиылысындағы аумақта 190 орынға шақталған балабақша ашылады.
Сондай-ақ, қалада 148 балабақша мен 25 шағын орталық бар, оған 33164 бала барады.