20.06.2014
Шағын және орта бизнес өкілдері өндіретін тауарлары мен азық-түлік түрлерін көрсетіп қана қоймай, Жылдың үздік тауары атағын иелену үшін сайысқа түседі, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.
Шараның басты міндеті – шағын бизнестің астананың әлеуметтік экономикалық дамуындағы маңызын дәріптеу, кәсіпкерлік қызмет тәжірибесімен алмасу және іскерлік байланыстарды нығайту.
Байқау-көрмеге түрлі салаларда қызмет атқаратын Астана қаласының кәсіпкер-өндірушілері қатысады. Байқау «Үздік өндірістік тауар», «Тұрғындарға арналған үздік тауар», «Үздік азық-түліктік тауар» аталымдары бойынша сарапталады.