• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
1-7 шілде аралығында Астанада «Сахнадан сәлем-2014!» фестивалі өтеді – А.Әлиев 20.06.2014

«Бүгінде елордада 2 академиялық театр бар. Орыс және қазақ театрлары. «Наз» мемлекеттік театры, «Жастар» театры мен өзге де мәдени ошақтар астаналықтарды өнер мен мәдениетке, әдебиетке тәрбиелеуде айтарлық қызмет етуде», - дейді А.Әлиев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Президент бірінші кезекте мамандарға көп көңіл бөуде.

«Бізде Қазақ Ұлттық Өнер Университеті бар. «Шабыт» университеті өз алдына. Бұлар жыл сайын халық игілігі үшін мықты мамандар тәрбиелеп шығарады. Жыл сайын өткізетін мемлекеттік емтихандарымыз мамандардың сапалы білім алуына ықпал етеді», - дейді.

Оның пікірінше, биылғы жылы Астанада аталмыш оқу орындары шамамен 20 маман оқытып шығарды. Жыл санап бұл көрсеткіш өсу үстінде.

«Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан» концерт залы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Астана Опера» опера және балет театрлары оның бір дәлелі.Жаңа оқышулар сарайы өз алдына бір төбе. Бұл ғимараттардың барлығы Елбасының бастамасымен салынған», - дейді.

Сонымен қатар, ол биыл Астана күні қарсаңында айтулы шаралардың өткізілетінін тілге тиек етті.

«1998 жылы Астана елордаға айналды. Қаламыздың қарқынды дамып келе жатқанына бүгінде әлем халықтары тәнті болып отыр. Мұнда жыл сайын дәстүрлі түрде «Сахнадан сәлем-2014!» халықаралық театр фестивалі өтеді. Оған Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Қостанай, Семей, Петропавл мен Шымкенттің театр ұжымдары қатысады», - дейді А.Әлиев. 


Back to the list