20.06.2014
«Астана күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі. Елдің жүрегіне айналған Астана арқылы Қазақстан өзінің мүмкіндіктерін әлемге таныстырады. Бүгінде елорда бірліктің, келісімнің символына айналып отыр», - деді В. Саранчукова.
Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның тарихында Астананың рөлі мен маңызы өте зор. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан ұлттық жоба. Өз туған күнін елорда экономикалық және әлеуметтік даму үстінде қарсы алады.
«Еуразия жүрегіндегі Астанада әлемдік деңгейдегі самиттер, форумдар өтеді.Қазір ауқымды ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жүруде. Біздің елордада көптеген елдің дәстүрлі нышандары мен көпұлттылығы тоғысқан. Барлық қазақстандықтар өз астаналарын мақтан тұтады», - деді ол.