19.06.2014
Егер де біздің ару қаламызды өзге шаһарлармен салыстырса «Астана» тез арада мегаполиске айналған «вундеркинд». Мәселен, көне қала Риммен салыстыратын болсақ, екі қаланың айырмашылығы тайға таңба басқандай. Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған Римнің іргетасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерлерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас.
Ал, Астананың дамуы мүлдем бөлек және ерекше. Сындарлы жылдарға тоқталатын болсақ, 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.Ал, 1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.
Экономикалық аймақтың ерекшелігіне орай қалада өзгеше архитектуралық нысандар салынуда. Кисе Куракова мен Норман Фостер сынды атақты сәулетшілер қала құрылысына атсалысуда.
Бүгінде Астана әлемнің 30 үздік қалаларының қатарына енді. Қала қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, Бәйтерек монументі Астана символына айналды.
Мадина Нұрбекова
Фото-Азамат Алиев