19.06.2014
Астана бүгінде жыл сайын 6-7 пайыз деңгейінде экономикалық дамудың тұрақты өсімін байқатады. Нәтижесінде бюджетке келіп түсетін қаражат көлемі де өсуде.
Жалпы, бүгінде қаладағы белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 56 мың. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17%-ға артқан. 2013 жылғы өндірістік өнім көлемі 1 трлн 200 млрд теңгені құрайды.
Айта кетерлігі, Астана шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне шаққандағы өндірістік өнім көлемі жағынан республика бойынша бірінші орында. Республика бойынша бұл көрсеткіш 3,4 млн теңге болса, Астанада бұл деңгей 6,3 млрд теңге көлемінде.