19.06.2014
Мереке жасыл экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Жыландар бамбуктен және 100 пайыз қайта өңделетін қағаздан жасалмақ, деп қала күнінің 16 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру медиа-штабында хабарлады.
Әуе жыландары фестивалінде Астана тұрғындары мен қонақтарына әуе жылдандарын басқару өнерін дәріптейтін аталмыш спорт түрінен халықаралық чемпиондар өнер көрсетеді.
Астана тұрғындары мен қонақтары таза ауада жыландар биіне қанығып қана қоймай, фестивальға өздері де қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ әуе жылдандарына құштар шетел клубтарының өкілдерімен арнайы әзірленген шоу-бағдарламаны тамашаламақ.
Арнайы шатырларда кез-келген қатысушы қалаған жыландырын арнайы нұсқаушылар көмегімен жасап, ұшыра алады.