• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана күнін ұйымдастырушылар мерекелік шаралардың аумағын кеңейтуде 18.06.2014

«Биыл біз Астана күніне орай мерекелік шаралардың географиялық белсенділігін арттырып қана қоймай, салтанатты шаралармен барынша қамтуды қамтамасыз етпекшіміз. Мерекелік шаралар 20 маусымнан басталып, 4 шілдеге дейін жалғасады. Ал, 5-7 шілде мерекелік күндері рухани-мәдени, спорттық, ойын-сауық шаралары өткізіледі», - деді Б. Мажағұлов.

Сонымен қатар, ол барлық шаралардың бірнеше блоктарға бөлінгенін тілге тиек етті. Бірінші бөлімге республикалық деңгейде өтетін салтанатты шаралар кірген.

«Осы ретте, жалпы республикалық телевизиялық балалар байқауы «Аялаған Астананы» атап өтсе болады. Дода шет аймақтардан және шалғайда жатқан елді мекендерден келген талантты бүлдіршіндерге қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін театрлық фестивальді айтпай кетуге болмайды. Жыл сайын фестиваль аясында отандық және шетелден келген өнер майталмандары өз өнерін ортаға салады», - деді ол.

Сонымен қатар,  «Мәңгілік Ел» республикалық байқауы өтеді. Мұнда ақындар ұлттық идеяны жүзеге асырудағы Астананың маңызы мен ролін насихаттау арқылы жарысады. Бұдан басқа өңірлерден келген шығармашылық ұжымдар мен әншілердің қатысуымен екі республикалық концерт өтеді.

«Екінші бөлімге ашық алаңдарда ұйымдастырылған мәдени, ойын-сауық шаралары енген», - деп басқарма бастығы түйіндеді.

Камила Амирова 


Back to the list