18.06.2014
Бүгінде республика халқының 4% тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің 9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%, еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді. Осы ретте 2013 жылы қалада ЖӨӨ көлемі 2,7 трлн. теңгені құрады. Осылайша ЖӨӨ жан басына шаққанда 23 мың долларға жетті.
Қазіргі уақытта жалпы өңірлік өнімнің 60% жуығын құрайтын шағын және орта бизнес секторы елорданың экономикалық негізін құрап отыр. Жалпы алғанда қызмет көрсету саласында 316 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 77% жуығы жұмыс істейді. Жыл сайын 70% астам жаңа жұмыс орны құрылады.