02.10.2017
Vaisala фин тетігі Астананың №5 ауа сапасын қадағалайтын автоматтық постында орнатылған. Құтқару станциясының аймағында орналасқан.
«Фин тетігі Vaisala AQT-420 өндірісі Астананың №5 ауа сапасын қадағалайтын автоматтық постында тестік режимде орнатылды. Оның артықшылығы мобильділігі мен икемділігі. Оны қаланың кез келген өңірінде орнатуға болады. Ол жеке жер бөлуді қажет етпейді. Оларды бағанаға, қабырғаға және шатырға орнатуға болады. Екіншіден, төмен энергия тұтыну жүзеге асырылады, тетіктер күн энергиясынан энергия алады. Үшіншіден, аталмыш тетіктерді ауаның сапасын тексеретін сенсорларға метеопараметрлерді топтастыруға болады. Сондай-ақ, тетік жоғары дәлдікке ие, тазалық көрсеткіші 1-3%-ды құрайды», - деді Д.Аманбаева.
Сондай-ақ, эколог тетікті анықтау кезіндегі кемшіліктерді де айтып өтті.
Бүгінгі таңда аталмыш фин тетігінің топтамасында кемшіліктер бар, олар екі құраушы бөліктің жетіспеуінде, атап айтсақ, күкіртті сутек пен азот оксиді. Алайда, Vaisala компаниясы 2017 жылдың соңына дейін аталмыш сенсорларды толық жетілдіруді жоспарлауда. Жүргізілген сараптамалар бойынша, қорытынды нәтижелер салыстырылатын болады. Тестілеуден кейін фин тетігі жақсы нәтиже көрсетсе, болашақта Қазақстанда қолдану жоспарланған.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Азамат Әлиев