• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҰҰ ЭКСПО-2017 көрмесін қорытындылады 05.09.2017

«ЭКСПО-2017 көрмесіне БҰҰ-ның 9 агенттігі қатысты: БҰҰДБ, ЮНЕП, ЭСКАПО, ЮНЕСКО, БҰҰ ЖКББ, ЮНИДО, ЮНИСЕФ, АЭХА және БҰҰ-әйелдер. Агенттіктер тұрақты энергетика саласындағы үздік практикаларын көрсетті. Халықаралық ұйымдар плазасында орналасқан БҰҰ секциясын аралаған 100 мың келуші БҰҰ-ның жасыл энергетика саласындағы шешімдері туралы көбірек білу мүмкіндігіне ие болды», - деді Н. Шимомура.

Сондай-ақ ол көрменің үш айы ішінде БҰҰ агенттіктері бірқатар іс-шараларды өткізгенін хабарлады. Осылайша, БҰҰ ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы" атты тақырыбы жаңартылатын энергия көздерімен ғана шектелмей, адамдарды қолдайтын әрекеттерді де қамтитынын тағы да дәлелдеді.

«ЭКСПО уақытында ашылған инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер тұрақты даму тұрақты энергетикасыз болуы мүмкін еместігіне әлем назарын аударды», - деп қорытындылады Н. Шимомура.

 

Қайрат Жандыбаев


Back to the list