• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ЭКСПО-2017 аясында Қарағанды  облысының күндері өтеді 05.09.2017

Облыс әкімдігі хабарлағандай, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қарағандылық әртістер алты спектакль көрсетіп, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізіп, Қазақтсан жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырады. Сонымен қатар бұл аптада «Астана-Экспо 2017» көрмесінің аумағында «KAZAKH INVEST» алаңында біздің облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығы, Ә. Бөкейханның шығармалар жинағының 15 томдығы және «Қаз дауысты Қазыбек би» 2 томдығы салтанатты түрде табыс етіледі.

«ЭКСПО» көрмесі аумағындағы амфитеатр – Қарағанды облысының өнер майталмандарының қазақстандық эстрада жұлдыздары, жерлестеріміз: Мақпал Жүнісованың, Бекболат Тілеуханның, Қарақат Әбілдинаның, Қыдырәлі Болмановтың, «Ақанай» тобының, «Ұлытау» тобының, Ерлан Көкеевтің және «К7» тобының, Болат Құсайыновтың, Жәмилә Баспақованың, Жан Тапиннің, Қайрат Баекеновтың және «Формат» тобының, Роман Кимнің, Нуржан Керменбаевтің және «Арнау» дуэтінің қатысуымен   гала-концерт өтеді. 


Back to the list