21.08.2017
«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды.
Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері - Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.