• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО павильонына келуші Малайзияға жолдама ұтып алды 16.08.2017

Айымгүл Жақсыбергенова Малайзия павильонына келген  360 мыңыншы қонағы атанып, елдің туристік аймағы  Кучингке  билет ұтып алды.

Малайзия павильонының директоры Мишель Лау айтып өткендей, 360 мыңыншы  келушіні марапаттау, павильонның мазмұнына сәйкес, 360 градус  жан-жағы орман, тропикалық ағашта  сезінуге байланысты екендігін айтты.

«Павильон қонақтары тропикалық орманның дыбысы мен атмосферасын толық сезіндіре алғанына тәнті болды. 360 мыңыншы келушіге ең үлкен сыйлық тропикалық аймақ Кучингке бару деп шештік», - деді ол.

Ақпарат бойынша, болашақта аталмыш ұтыстар малайзияның мәдениеті мен табиғатымен танысу мақсатында жүргізіліп тұрады. 


Back to the list