09.08.2017
«Біздің сапарымыздың мақсаты - Қазақстаннан инвесторларды тарту. Қазақстанда мұнай және газ бар, ал бізде гидроэлектроэнергия саласында үлкен әлеует бар. Осылайша, гидроэлектроэнергияны және энергияның басқа да көздерін бірлесіп дамытуға болады. Сондай-ақ, елдер арасында ұқсастық та бар, бұл күн энергиясын және жел энергиясын дамыту. Біз қосымша және энергетикалық өңірлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де өз үлесімізді қоса аламыз», - деп атап өтті Бала Допавоги.
Бұдан бөлек, ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу еліміз үшін жауапты әрі құрметті миссия екенін атап өтті. Ол бүгінгі іс-шара достық байланыстарды нығайту мен елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтудегі жаңа деңгей ретінде есте қалатынына сенімді.
«Елбасымыз Көрменің ашылуында айтып өткендей, біз ғылыми ілгерілеу орталығына айналуға ниеттіміз. Көрме жаһандық процеске бірегей үлесін қосатынына сенімдімін. Гвинея Республикасының Ұлттық күнін атап өту әр түрлі салаларда стратегиялық ынтымақтастық жасауға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Бүгінгі іс-шара Қазақстан мен Гвинея Республикасы арасындағы достық байланыстарды нығайту мен екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтудегі жаңа деңгей ретінде есте қалады деп ойлаймын», - деп атап өтті Абзал Нүкенов.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толып отыр.