29.07.2017
ПР сыртқы істер министрінің орныбасары Оскар Кабельоның айтуынша, Латын Америкада жаңартылған энергия көздерін дамыту процесі жедел жүруде және ЭКСПО-2017 көрмесі Парагвайдың аталмыш саладағы жетістіктерін әлемнің өзге елдеріне таныстыруға мүмкіндік береді.
Атап өтер болсақ, соңғы он жылда көршілес елдерімен салыстырғанда парагвайлық экономика орташа есеппен 5%-ға көтерілді. Өнімділігі жоғары және заманауи ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығымен бірге бинарлық гидроэлектрстанциясы арқылы электрэнергиясы жетекші экономикалық қызмет болып саналады және ол 2015 жылы парагвайдың барлық экспортының 60%-нан астам бөлігін құрады.