28.07.2017

Өз сөзінде, Румынияның сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану атап өткендей, ЭКСПО-2017 адамзат қоғамының қолжеткізген технологиялық даму деңгейін көрсетеді.
«Мен, ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» шағын және орта бизнесті қоса алғанда экономикалық субъектілердің басым бөлігін біріктіру және экономиканы әртараптандыру тұрғысында біздің жалпыэкономикалық ынтымақтастығымызда жаңа сапа деңгейінің бастамасы болатынына сенімдімін», - деп түйді Теодор Мелешкану.

Осы ретте, ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ЭКСПО-2017 тақырыбы мен Румынияның көрмеге қатысуын маңызды екенін атап өтті.
«Румыния көрмеге өте терең тұжырымдама ұсынды - жарық энергиясы. Бүгін баршамыздың осы елдің бірегей мәдениетімен, бай тарихымен және мәдениетімен етене танысуға мүмкіндігіміз бар», - деп атап өтті Д. Абаев.

Дәл осы күні өзінің өнерімен дарынды да, талантты флейтаның королі, суретші, ақын, Франция, Бельгия мен Люксембургтің рыцарі - Георге Замфир қонақтарды таңқалдырды. Оның әлем сахналарында шығармаларды орындап жүргеніне 50 жылдан астам уақыт өткен.

Сондай-ақ ұлттық сахнада Румынияның «Дакия» мәдени қауымдастығының әртістері халық биін орындады.


Мәдени бағдарламадан кейін ресми делегация Румыния павильоны бойынша экскурсия өткізді.


Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстан мен Румыния дипломатиялық қарым-қатынастың 25-жылдығын атап өтуде.
Фото Бауыржан Жуасбаев