• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«ЭКСПО-2017»  көрмесі ашылғаннан бері Астанаға 1,9 млн адам келді 27.07.2017

 «Астана темір жолының жүктемесі 60% құрайды, күн сайын темір жолмен 16 мың адам келеді, негізгі максималды мүмкіндік 27,5 мың адамды құрайды. Әуежай жүктемесі 70%, күнделікті 7 мың адам ұшып келеді, ал максималды қабылдау мүмкіндігі 10 мың адам. Туроператорларға деген сұраныс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78%-ға артқан», - дейді С.Айтекенов.

Сонымен қатар елордалық қонақ үйлердің толуы 60%-ға өскен. (28% өткен жылдың осы кезеңінде). Үш тілде ақпарат беріп, материалдар тарататын 6 ақпараттық дүңгіршек құрылып, жұмыс істеп тұр.

«Туристік ақпараттық дүңгіршіктерге 3 266 турист жүгінген, бірыңғай call-орталықтан 375 адам ақпарат алған. Екі қабатты автобуспен экскурсия жасау қызметін 2,4 мың адам пайдаланған (1340 ересек, 564 жеңілдік билеттерімен), бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда екі есе көп. 12 елден келген - Австралия, Малайзиия, Сингапур, Словакия, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Германия, Қытай, Испания, Польша, Франция туристері 4013 адам аудиогидті пайдаланған», - деп жалғады сөзін Айтекенов.

Сонымен қатар, ресми туристік интернет-порталды- welcometoastana.kz қолданушылар саны 18 мың адамды құрады. Кірушілер саны 65 мың адам. "Welcome to Astana" мобильдік қосымшасын 1156 рет жүктеп алған (iOS – 592, Android - 564).


Back to the list