26.07.2017
Өз баяндамасында Орландо Николас Эрнандес Гильен Куба болашақ ұрпаққа тұрақты гүлденген мемлекет қалдыру моделімен өз экономикасын дамытуға ұмтылып жатқанын айтты. Ел таза энергия саласында үлкен әлеуетке ие.
«Қазіргі таңда баламалы энергия көздерінің үлесі 20 пайызды құрайды», - деді Николас Эрнандес Гильен.
Сыртқы істер министрінің орынбасары айтып өткендей, Қазақстан мен Кубаның ЖЭК саласындағы әлеуеті жоғары.