21.07.2017
Дэвид Дэй Пача өз сөзінде Соломон Аралдары қалалы жерлерде де және ауылды жерлерде де арзан жаңартылатын энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін маңызды әлеуетке ие екенін атап өтті.
«Болашақ жайында айтар болсақ, жаңартылатын энергия біздің еліміз үшін болашақтың энергиясы болып табылады. Донорлар қаржыландыратын энергетикалық жобаларға мысал ретінде Fiu Hydro жобасын келтіруге болады, бұл – Азия Даму банкі атынан кредит пен грант негізінде компаниямен бірлесіп іске асырылып жатқан тағы бір жоба», - деді ол.
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов көрме аясында өткізіліп жатқан ұлттық күндер көрмеге қатысушы елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін халықаралық мәдени алмасу құралы болып табылатынын атап өтті.
«Осы көрме қазіргі заман түсінігінде, таза жаһандық энергетиканы дамыту идеяларын ілгерілетуде жаңа бет ашатынына сенімдімін. Көрмеде дәстүрлі және баламалы энергияны өндіру мен тұтыну саласындағы үздік «әлемдік әзірлемелер», болашақ жобалар ұсынылған», - деді А. Қамалдинов.
Ресми ашылу шарасынан кейін қонақтар белгілі Inamauri Panpipers тобының және вокалист Эван Манунуаның өнерін тамашалады.
Бұдан бөлек, ресми делегация қазақстандық «Нур-Әлем» павильонын және Соломон Аралдары павильонын аралады.