• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді 22.07.2017

21-24 шілде аралығында сағат 18.00-ден Бәйтерек монументінің алаңында және «Студенттік» саябағында «Парус» сахнасында ШҚО шығармашылық ұжамдарының қатысуымен концерт өтеді. Оған қоса «Ата-бабалар мұрасы» археологиялық артефактілер көрмесі және «Туған жеріме» атты фотокөрме ұйымдастырылады.

21 шілдеде сағат 18.30-да М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрнда Абай атындағы театрдың қойылымымен Э. Портердің «Поллианна» спектаклі көрсетіледі.

23 шілдеде шаралар сағат 15.00-ден бастап өткізіледі. «Қазанат» ипподромында астаналықтардың назарына ШҚО қолөнершілерінің көрмесімен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені және өңірлік шеберлердің қатысуымен театрландырылған концерт ұсынылады.

ШҚО облысының мәдени күндері аясында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Нұрлы Шығыстан – нұрлы әлемге нұр шашу» атты концерт өтеді. Шара амфитеатрда ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында 25 шілде күні сағат 21.00-де өткізіледі.


Back to the list