• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО-2017 ұйымы    Астананы әлем картасында белгіледі 19.07.2017

Компанияның қоғаммен байланыс департаменті хабарлағандай, тараптар  баламалы энергия көздері мен елдер арасындағы екіжақты  қарым-қатынасты, британиялық павильонның  мазмұнын талқылады.

Ұлттық компания басшысы Ұлыбритания павильонына деген қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың қызығушылығы  жоғары екенін айтып өтті.

«Бүгінде көрмені  1 200 000 адам  тамашалады. Біз көрме аяқталғанша дейін екі миллион қонақ келеді деп болжаған едік, бұл көрсеткішке көрме аяқталғанға дейін жетеміз деген үміттеміз», - деді Ахметжан Есімов.

Ұлыбритания павильонында  қазіргі таңда  1 500 000 келуші  тіркелді, олардың саны  2 млн-ға жетеді деп  күтілуде.

«Мен Қазақстанда  2002 жылы болдым, сол кездері елорданы көшіру  бойынша күмәншілдік болған еді. Қазір Астана – Қазақстанның басты нүктесі.  ЭКСПО Астананы әлем картасында белгіледі», - деді Грэг Хэндс.

Қазіргі таңда Ұлыбритания  баламалы энергия саласында  көшбасшы болып табылады. Елде күн, жел, толқын энергиясы қолданылады.

Айта кетейік,  26 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінде  Ұлыбритания күні мерекеленді.


Back to the list