17.07.2017
«25 жыл ішінде Қазақстан халықаралық жетістіктерге жетті. Мен Қазақстан Президентіне Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Сондықтан да Испания Үкіметі Президенттің үлесін ерекше атап өткісі келеді, мен бүгін Н.Назарбаевқа «Изабелла Католическая Орденін» табыстау мүмкіндігіне ие боламын. Өз кезегінде, мен үшін бұл үлкен мәртебе», - деді Ана Пастор.
Айта кетейік, бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесінде Испания күнін мерекелеу басталды. Испанияның мәдени бағдарламасы 26 шілдеге дейін жалғасады.
Изабелла Католическая Ордені (Orden de Isabel la Católica) — Испания Королдігінің азаматтық ордені, мемлекетке қызметке үлес қосқаны үшін табысталады. Орден шетел азаматтарына да беріледі. Оны VII Фердинан 1815 жылдың 14 наурызында Изабелла Кастилия патшайымының құрметіне тағайындады. 1847 жылдың 26 шілдесінде Корольдік декреті азаматтық қызметі атағын қосып, «Изабелла Католическая Ордені» етіп өзгертті.
Ақбота Күзекбай