12.07.2017
«Соңғы 25 жыл ішінде Швейцария өз мүмкіндіктерін терең дамытып, басқа елдермен қолайлы ынтымақтастық жасай алды. Осыған дейін біз Тәжікстан мен Қырғызстанда болдық. Барлық елдердің өз тарихы, дәстүрлері, түп-тамырлары мен отбасылық құндылықтары бар, біз үшін бұл өте маңызды. Осы елдердің барлығы, соның ішінде Қазақстан да әлемдік деңгейге шыға алатындай деңгейде дамып келе жатыр», - деді У.Маурер.
Қаржы министрі, Швейцарияның экс-президенті У. Маурер әріптестерімен бірге ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде болып, алған әсерімен бөлісті.
«Қазақстан ел экономикасында маңызды рөл атқаратын табиғи ресурстарға ие, біз осыған көп көңіл бөлеміз және Қазақстан экономикалық дамушы ел болып табылатындықтан, онымен ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Мен қазақстандық павильоннан үлкен әсер алдым, мұндай сәулетті бұрын-соңды көрген емеспін. Сондай-ақ Қазақстанның энергияны қалай сақтап, қоршаған ортаны қалай қорғау керек деген тақырыбы да өте қызықты және бізге жақын», - деді У.Маурер.
Қайрат Жандыбаев
Фото Арман Мұхатов