11.07.2017
Миллионыншы келушінің есімі анықталды. Бұл атаққа Астана қаласының тұрғыны, №76 орта мектептің мұғалімі Гүлжихан Жаңабергенова ие болды. Г.Жаңабергенова ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдасы және қызымен келген екен. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов миллионыншы келушіні құттықтап, көрме кезеңі бойы әрекетте болатын билеттерді тапсырды.
Ақбота Күзекбай