• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең танымал шетелдік павильондар анықталды 10.07.2017

«Павильондардың танымалдылығы туралы айтатын болсақ. Бүгінде олар: Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Оңтүстік Корея және Африка плаза. Келушілер африкалық елдер сынды экзотикалық елдерге көп көңіл аударады», - деді И.Оразақов.

Жалпы, бір ай ішінде  27 ұлттық күн мен  54 тақырыптық шара  өтті.

«Бүгінгі таңда  павильондар   жалпы  5 млн.960 мың келушілерді қабылдаған, бір отбасы орташа есеппен  5-тен 7 павильонға дейін тамашалайды. Қатысушылар бізге тәуелсіз түрде  дөңгелек үстел мен форумдар өткізе алатынын айтқан болатынбыз.  Бүгінгі таңда көрмені  23 ел мен үкімет басшысы тамашалаған», - деді  департамент директоры.

И.Оразақовтың айтуынша, павильондар аясында қатысушылар сауда қызметін де жүзеге асыруда. Олардың көп бөлігінде мейрамхана мен қолөнер дүңгіршіктері бар.

Сондай-ақ, бүгінде қатысушылар павильонына баға беретін  халықаралық әділқазылар алқасының сессиясы басталды.

«Әділқазылардың халықаралық сессиясы екі рет өтеді. Алғашқысы  10-13 шілде аралығында болса, екіншісі – 4-7 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. Халықаралық бюро сарапшылар тобын жіберді. Көрме соңында бірқатар талап бойынша үздік павильондар марапатталады», - деді И.Оразақов.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ  дирекциясы  10 маусым мен 10 шілде арасындағы көрменің қорытындысын жариялады.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list