10.07.2017
Қазіргі таңда Малайзия жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай қайта жаңғыртылатын энергия өндірісін 2080 МВт-қа жеткізуді көздеп отыр. Датук Сери СК Девамани өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан мен Малайзияның жасыл болашақты қалыптастыруда бар мүмкіндіктерге ие.
«ЭКСПО-2017 тұрақты даму бойынша міндеттемелермен, әдістемелермен бөлісуге мүмкіндік береді. Малайзия павильонында тропикалық орман ұсынылған, ол біздің орманды және биодамыған мемлекеттер ішінде көшбастап тұрғанымызды білдіреді», - деді Датук Сери Девамани.
Өз кезегінде, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов атап өткендей, сыртқы экономикалық сенімді әрі ұзақ мерзімге негізделген серіктес ретінде Малайзиямен арада түрлі салаларда қатынастарды нығайту көзделіп отыр.
«Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ хабарлағандай, осы ретте барлық қажетті механизмдер мен алаңдар қарастырылған.
«Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ішінде Малайзияны маңызды сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырып отыр. Осы орайда сауда-экономикалық байланыстарда екіжақты оңтайлы көрсеткіштерді атап өткім келеді. Қазақстан мен Малайзия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың 4 айында 26,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға жоғары болды», - деді Айбатыр Жұмағұлов.
Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр.