04.07.2017
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ хабарлағандай, қазіргі таңда Мысыр БЭК-ті қолдану мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Мысырдағы ыстық күн мен қатты желдің есебінде 2020 жылға дейін баламалы энергия көздері арқылы электр энергиясын 20 пайызға арттыру көзделген. Қазір біз желгенераторларын, фотоэлектрлі панель мен аралас технологияларды орнату бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, Мысыр нормативтік-құқықтық реформаларды жеке секторға субсидия тарту үшін жүзеге асырып жатыр», - деді Хайсам Салах Камел Ибрагим.
Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Мысыр өкілдерін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Ол айтып өткендей, Мысыр Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі.
« ЭКСПО-2017 көрмесінде Мысыр павильоны ашылғанына қуаныштымыз. Қазақстан Мысырды Араб әлемі мен Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі ретінде таниды. Біз үшін гуманитарлық және мәдени салада ынтымақтасқан өте маңызды», - деді А.Райымқұлова.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы қарым-қатынасқа 25 жыл толып отыр.