29.06.2017
Израиль Ұлттық күнінің құрметіне ЭКСПО-2017 көрмесінде Израиль және Қазақстан тулары салтанатты түрде көтерілді, сондай-ақ қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
"Осы жыл - Израиль мен Қазақстан қарым-қатынасындағы айрықша жыл. Біз қос мемлекет арасында достық пен өзара құрметке негізделген қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Өткен жылдың желтоқсан айында болған Израиль премьер-министрінің Қазақстанға алғашқы іс-сапары біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек", - деді Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Миxаэль Бродский.
Израиль Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу идеясын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі.
Қазақстан мен Израиль жоғары теxнологияларды медицинада, агроөнеркәсіп кешенінде қолдану мәселелері бойынша тығыз қарым-қатынаста, сондай-ақ "жасыл энергетика" саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.
ЭКСПО-2017 тақырыбы - "Болашақ энергиясын" Израиль "жасампаздық энергиясымен" байланыстырады. "Жасампаздық энергиясы" - бұл Израиль xалқының білімі, креативті дағдылары және құштарлығымен жүргізілетін "болашақ энергиясы".
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Израиль Ұлттық күнінің құрметіне арнайы израильдік шығу тегі эфиопиялық әнші Aveva өнер көрсетті. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Израиль қонақтарына арнап аты әлемге әйгілі King David Peace Drummers барабаншылар тобы бейбітшілік және “Жасампаздық энергиясы” тақырыбында марш өткізді.